Атырау, 28 қараша 19:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресей «Протон» апатынан Қазақстанға келтірілген залалды тауар және қызмет түрінде өтейді

1 704 просмотра

Image 0Фото: ria.ruАстана. 4 ақпан. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Ресей «Протон-М» зымыран тасымалдағышының апатынан Қазақстанға келтірілген залалды тауар және қызмет түрінде өтейді, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов.

«Залалдарды өтеу бөлігінде («Протон» зымыран тасымалдағышының апаты жағдайында – ҚазТАГ), иә, шынымен де кезең-кезеңімен өтелуде. (Залал – ҚазТАГ) тауар, қызмет және ақшалай түрде өтелуде», - деді М.Демеуов бейсенбі күні парламент сенатының алқа отырысында.

Бұл ретте, ол экономикалық және экологиялық зиянды бағалау 2007 жылғы ҚР үкіметінің қаулысымен белгіленген қоршаған ортаның ластануы мен зиянның экономикалық бағасының ереже талаптарына сәйкес жүзеге асырылатынын түсіндірді.

«Ережеде зиянды бағалау тәсілдері, тәуекелдің экологиялық қауіп деңгейін анықтау критерийі қарастырылған. Соған сәйкес 2007 жылы қабылданған қаулыда экономикалық және экологиялық зиян жүзеге асырылды», - деді М. Демеуов.

Дереккөз: ҚазТАГ

4 ақпан 2016, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.