Фото: dixinews.kzМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына алғашқы жылы 375 млрд теңге жинақталмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«2017 жылдың қаңтарынан бастап қорға қаражат жанала бастайды, ал 2017 жылдың екінші жартыжылдығынан медициналық қызметтерді төлеу функциясы міндетті медициналық сақтандыру қорына өтеді. Біз алғашқы жарты жылда қорға 375 млрд теңге қаражат жинауды жоспарлап отырмыз, тиісінше бұл сомаға нарықта медициналық қызметтер көрсетіледі. Яғни, қор ақшаны тек сақтандыру пакетіне кіретін медициналық қызметтерді төлеуге ғана жұмсай алады. Басқа табыс көздері мен шығыстар жоқ», - деп хабарлады Е.Біртанов.
Вице-министр 2021 жылға қарай міндетті медициналық сақтандыру қорында 1 трлн 150 млрд теңге шамасында қаражат жиналады деп болжанып отыр.
Айта кетейік, медициналық сақтандыру қоры ұсынатын сақтандыру пакетін алу құқығы жарна төленген ел азаматтарына және ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі. Бұл ретте, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Ал жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылары үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін жарна аударатын болады.
Дереккөз: bnews.kz
4 ақпан 2016, 15:53