Атырау, 28 қараша 19:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Елімізде А тұмауынан екінші адам көз жұмды

2 195 просмотра

Image 0Қарағанды қаласының 33 жастағы тұрғыны плевриттің асқынуынан болған екі жақты пневмониядан көз жұмды. Пневмонияның себебін зерттеу барысында маусымдық тұмаудың А (Н3N2) штамы анықталды, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қаңтар күні әйелдің дене қызуы көтеріліп, жедел медициналық көмек бригадасын шақырған. Науқас ауруханаға жатудан бас тартады. Содан соң дәрігерлер оған вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер жазып берген.

21 қаңтар күні ол Қарағандыдағы №4 емханаға барып қаралады. Сырқатының асқынып кетуіне байланысты №1 ауруханаға жатқызылған. Оған Астана қаласының республикалық орталықтарындағы ең үздік мамандар шақырылады. Уақытылы ем жасалғанына қарамастан, 25 қаңтарда ол қайтыс болады.

Қазақстанда қазіргі эпидемиологиялық маусымда өзге жылдардағыдай тұмаудың бірнеше А (Н3N2), (Н1N1) штамдары анықталып жатыр, олардың арасында белгісіздері (штамды анықтау жұмыстары жүргізілуде), сонымен қатар В вирусы да бар.

Жыл басынан бері республиканың тәулік бойғы стационарларына «Тұмау» диагнозымен 300, ЖРВИ-мен 16 мың 108 адам жатқызылды.

3 ақпандағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 249, ЖРВИ-дан 12 мың 137 пациент емделді. Қазіргі таңда ауруханаларда «Тұмау» диагнозымен 51 адам емделіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтар күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин республикада А (Н1N1) тұмауынан 1 адам көз жұмғанын хабарлаған болатын.

Дереккөз: BNEWS.KZ

4 ақпан 2016, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.