Фото: Facebook/Ботабек ТiлегеновГоловкин Қарағандыда мектеп оқушыларына тосын сый жасады. WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Әлихан Бөкейханұлы атындағы №76 мектепте қонақ болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, Головкин өзінің мектепке баратынын БАҚ өкілдеріне хабарламаған. Facebook қолданушысы Ботабек Тілегенов Геннадийдің мектепке келгенін мұғалімдерінің бірінен естіпті. Мұғалім оған келіп, суретке түсіруін сұрапты. "Мен мектепке жетіп келдім. Ол жақта басқа БАҚ өкілдері болмады", - деп жазды Тілегенов.
Боксшы мектепке құр қол келмеді. Ол бокс секциясының балаларына боксқа арналған қолғап пен басқа да амуниция сыйлайды. Жастарға жетістікке жетуі үшін чемпион бапкерді тыңдап, өздеріне сенуі керектігін айтты.
Басылымның мәліметінше, №76 орта мектеп Қарағандының Майқұдық ауданында орналасқан, бұл жерде Головкин туып-өскен. Өзі болса №65 мектепте оқыған.
Дереккөз: tengrinews.kz