Қазақстанның үй салушыларының ассоциациясының өкілдері елімізде баспана құнының түспейтінін айтып отыр. Олар бұған себеп ретінде жылжымайтын мүлік нарығындағы ашықтықтың жоқтығын атады. Баспана сатып алғысы келетін, бірақ негізгі ұзақмерзімді трендтердер жайлы мәліметі жоқтардың жеке-дара жағдайлардағы арзандаған үйлерден үміті бар. Ассоциация өкілдері кәсіби сараптама арқылы жасалған мәліметті ұсынуды жоспарлады және жаңа салынған үйлердің бағасының индексін қолданысқа енгізуге ниет білдірді.
"Баспана бағасының индексі мұнай бағасының индексі, металл және басқа ресурстардың индекстері сияқты маңызды индикатор бола алар еді", - деп есептейді Ассоциация басшысы Аслан Түкиев. Ол халыққа нарықтың "термометрі" қажет дейді, себебі Қазақстанда жаңа салынған баспаналар нарығында бірде-бір баға индикаторы жоқ. "Жылжымайтын мүлік нарығына бағытталған көптеген интернет-ресурстар мен басылымдар бар, бірақ олардың басым бөлігі жаңа салынбаған үйлердің бағасын көрсетеді, бұл бағалар жаңа салынған баспана нарығындағы бағадан 20-25 пайызға көп немесе нарықтағы барлық компанияның орташа бағасына негізделген көрсеткішті келтіреді, бұдан ақылға қонымсыз бағалар шыға келеді", - дейді ол.
Оның айтуынша, ғажайыптар болмайды. "Үйдің бағасы өз құнынан төмен бола алмайды. Осы жағдайды пайдалана отырып, сатып алушыларды қызықтырарлық бағамен қойылған үйлерден абай болуға шақырамын. Қазақстанда жаңа үйлердің бағасы түспейді, мұндай болжамдар негізсіз. (...)", - деді ол.
Төменде жаңа салынған баспаналар бағасының динамикасының үлгісі көрсетілген.
Дереккөз: tengrinews.kz