Атырау, 28 қараша 19:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жұмыссыз статусын беру өзгертіледі - Т. Дүйсенова

1 842 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жауапкершілікті күшейте отырып, жұмыссыз статусын беру рәсімі өзгертіледі. Бүгін Сенатта «Жұмыспен қамту туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осылай мәлім етті.

Жаңа редакциядағы заң жобасы Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Бұл ретте өзгерістер негізінен экономиканың тиімділігін арттыру мен құрылымын өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапалы еңбек нарығын құруға бағытталады. Ал құжатты әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидалары есепке алынып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибелеріне назар аударылған.

«Заң жобасы бойынша жауапкершілігін күшейте отырып, жұмыссыз статусын беру рәсімін өзгерту қарастырылады. Бұл үшін жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жеке тұлғаға ең алдымен жұмыс іздеуші тұлға статусы беріледі. Сосын жұмыс іздеп келген адамға он күнде нарықтағы бос орындар ішінен тиісті жұмыс орнын іздеуге көмек көрсетіледі. Егер осы уақыт аралығында көзделген жұмыс табылмаса, бұл адамға жұмыссыз статусы беріліп, жүмыс іздеуші жүмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберіледі», - деді Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, жұмыссыз статусын алған адамға әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде әрі жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалатын болады.

Дереккөз: inform.kz

4 ақпан 2016, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.