Атырау, 28 қараша 19:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Байқоңырдағы зымыран апатына қатысты келісімге өзгеріс мақұлданды

1 837 просмотра

Парламент сенаты бүгін пленарлық отырысында Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Байқоңыр космодромынан зымыран ұшыру кезінде апатты жағдай туындағанда өзара әрекеттесе жұмыс істеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы мақұлдады.

Хаттамада келісімнің зымыран ұшырғанда туындаған апатты жағдайда құрылатын бірлескен штаб, комиссия мен уәкілетті органдардың қызметін нақтылау қарастырылған.

Сенаттың аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылды жерлерді дамыту комитетінің тұжырымынша, өзгерістерде апатты жағдай туындағанда екі жақтың апат туралы бір-біріне ескертуі, қажетті күшті дайындыққа келтіру мен жұмылдыру шаралар қарастырылған.

Келісім 1999 жылы 18 қарашада жасалған.

Дереккөз: azattyq.org

4 ақпан 2016, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.