Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстанда мемлекеттік органдар кәсіпкерлерге Т1 млрд қарыз, деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов.
«Кәсіпкерлік субъектісі пайдасына меморгандардан қарызды өндіріп алу туралы сот актілерінің орындалуына қатысты қоғамдық мониторинг өткізілді. Мүліктік секілді, мүліктік емес даулар бойынша да сот актілерінің ұзақ мерзімді орындалмау фактілері анықталды», - деді Ғ.Қасымов сейсенбі күні кеңес отырысында.
«Орындалмаған актілердің жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық. Бүгін тағы да осы мәселемен айналысу керек», - деп толықтырды ол.
ҰКП баспасөз қызметі таратқан ақпарда көрсетілгендей, аталмыш қарыз сомасы 2015 жылғы.
«Бизнес пайдасына мемлекеттен қарызды өндіріп алу туралы сот актілерінің орындалмауына қатысты 340 іс Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қалаларының сот орындаушыларында жатыр», - делінген баспасөз парақшасында.
ҰКП ақпарынша, осы құжаттар бойынша орындау өндіріс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кем емес уақыт ішінде аяқталуы тиіс. Осылайша заңмен белгіленген мерзім бұзылған.
Дереккөз: ҚазТАГ