Атырау, 9 қазан 19:15
 бұлттыВ Атырау +12
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Ресейге жалға берілген әскери полигондардың жер телімдері ел экономикасының мүддесіне пайдаланылмақ

2 221 просмотра

Алматы. 2 ақпан. ҚазТАГ – Ресейге жалға берілуден шығарылған әскери полигондардың жер телімдері Қазақстанның экономикалық мүддесінде пайдаланылатын болады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Қайтарылатын қазақстандық жер телімдерінде Қазақстанның экономикалық мүддесіне пайдалану жоспарланып отырған пайдалы қазбалар бар», - делінген сейсенбідегі хабарда.

Сонымен қатар, ол жерлер автокөлік жолдарының құрылысы үшін де пайдаланылатын болады.

«Сонымен, жер телімдерінің бір бөлігі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәліздің құрамына кіретін «Самара-Шымкент» автомобильді жолын салуға кетеді. Жалға берілуден шығарылған жер телімдерін пайдалану Қарағанды және Жамбыл облысының экономикасына қолайлы болады деп күтілуде», - деп атап өтті баспасөз парақшасында.

Хабарда айтылғандай, Ресейге жалға берілген 1,6 млн га жер шығарылады.

«Еске салсақ, 2015 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі төрт хаттамаға қол қойды. Соған сәйкес Жамантау, Сарышаған және Тайсойған сынама полигондарының пайдаланылу мен жалға берілу тәртібі өзгерді. Бұл келісімге дейін Ресейдің Қазақстан аумағында жалға алып жүрген әскери полигондардың жалпы ауданы 11 миллион га жерді құрады. Нәтижесінде жалға берілуден шығарылып, Қазақстанның аумағына 1,6 миллион га жер телімі берілді. Мұнда пайдалы қазбалардың коммуникациялары мен кен орны орналасқан», - делінген хабарда.

Дереккөз: ҚазТАГ

2 ақпан 2016, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.