Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ – Жыл басынан бері экономикалық ахуалдың нашарлауы себепті жалақы қарыздарының күрт өсуі орын алды, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«2015 жылдың ақпан айының 1-не берешек 1,2 млрд. теңгеге дейін өссе, наурыздың 18-не ол 185 кәсіпорында 1,8 млрд. теңгеге жетті», - деп айтқан Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Андрей Кравченконың сөзін баспасөз қызметі келтіреді.
Ведомстводан еске салғандай, бұдан кейін берешек біртіндеп азая бастады: 2012 жылдың басында берешек 1,6 млрд. теңгені құраса, 2013 жылы - 1,4 млрд. теңге, 2014 жылы - 859,7 млн. теңге, 2015 жылы - 735,1 млн. теңге болды.
«Осы кәсіпорындардан жалақы бойынша қарыздарын өндіру мақсатында мемлекеттік органдармен тексеру шаралары, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп, жұмыс берушілер әкімшілік жауапқа тартылды және оларға ұйғарымдар енгізілді», - делінген қадағалау ведомствосының таратқан хабарында.
Бұл ретте басты назар жұмыс істейтін кәсіпорындарға аударылды, өйткені адамдар жалақысыз жұмыс істеп жатқан осындай кәсіпорындарда әлеуметтік шиеленіс ошағының пайда болу ықтималдығы жоғары болып табылады.
Мысалы, 2015 жылдың желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысында прокуратура органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде «Земстрой» ЖШС-нің 144 қызметкеріне 40 млн. теңге қарызы өндірілді.
Тағы бір мысал, Қарағанды облысында прокуратураның ұйғарымымен "TroyTech" ЖШС-нің 120 қызметкеріне 4 жыл бойы төленбей келген 37,4 млн.теңге қарызы төленді.
Мұндай мысалдар жалғыз емес.
«Жалпы, тек 2015 жылдың өзінде прокурорлық қадағалау актілерінің арқасында 75 мыңнан астам қызметкерге қарыз 6,6 млрд. теңгеден астам жалақы сомасы өндірілді. Бұл өткен жылдардың қарыздары және жыл бойына пайда болған ағымдағы қарыздар», - деп қорытындылады ҚР Бас прокуратурасынан.
Дереккөз: ҚазТАГ
В Атырау -2