Атырау, 9 қазан 19:24
 бұлттыВ Атырау +12
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Қазақстанда жұмысқа шетелдіктерді тартуға берілген рұқсаттың 2,9 мыңнан астамы кері қайтарылды

1 466 просмотра

Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда жұмысқа шетелдіктерді тартуға берілген рұқсаттың 2,9 мыңнан астамы кері қайтарылды, деп мәлім етті ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

«Жалпы, прокурорлар жүргізген тексерулер нәтижесінде әртүрлі мемлекеттік органдарға 171 прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді, 52 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген 2900-ден астам рұқсат кері қайтарылды», - деп сейсенбіде айтқан Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Андрей Кравченконың сөзін баспасөз қызметі келтіреді.

Өткен жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының іске асырылуына, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру заңдылығына тексерулер жүргізілді.

Тексерулер мамандарды дұрыс оқытпаудың 120-дан астам дерегін анықтады. Бұл олардың біліктілігінің төмен, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетсіз болуына себепкер болады.

«Әлеуметтік жұмыс орындарын құру мен жастар тәжірибесін өтуге қатысты тексерулер жұмыс берушілердің өздерінің жұмыс істеп жүрген қызметкерлерін мемлекеттен заңсыз субсидиялар ала отырып, әлеуметтік жұмыс орындарына ауыстырған деректерін анықтады», - дейді баспасөз қызметінен.

Бірқатар қомпанияларда шетел азаматтарын жалған құжаттармен жұмысқа тарту, Қазақстан азаматтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, оларды қайта даярлау мен оқытуға байланысты жұмыс берушілерге рұқсат беру шарттарының орындалмау деректері анықталған.

«Шетелдік кәсіпорындар, сондай-ақ шетел жұмыс күшін тартушы компаниялар қазақстандық қызметкерлердің құқықтарын бұзып қана қоймай, оларға тікелей кемсітушілік жасау деректеріне де жол беру жағдайлары орын алған.

Мысалы, прокурорлар теңдей атқарылған жұмыс үшін шетелдік қызметкердің жалақысы қазақстандық қызметкердің жалақысынан асып түсу деректерін анықтаған. Кейбір кезде біздің отандастарымыз шетелдік әріптестеріне қарағанда қолайлылығы кемдеу жағдайларда жұмыс атқарған», - деді бас прокуратурадан.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар мен теріс пиғылды жұмыс берушілер заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, Бас прокуратура анықталған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республкасы Үкіметіне ішкі еңбек нарығын қорғауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда кейбір тәсілдерді қайта қарау туралы ұсыныс енгізді.

Дереккөз: ҚазТАГ

2 ақпан 2016, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.