Атырау, 9 қазан 19:18
 бұлттыВ Атырау +12
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Алматыда борышкерлер тағы наразылық танытты

1 410 просмотра

фото: azattyq.orgАлматыда бүгін Kaspi Bank-тің бас кеңсесі алдында ипотекалық несиеге үй алып, қарызын төлей алмай жүрміз деген ондаған борышкер жиналып, наразылық танытып жатыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 30 шақты борышкер банктің Наурызбай көшесі бойында орналасқан кеңсесі алдына несие туралы келісім-шарттарындағы қарыздарын қайтару ережесін өзгертуді талап етіп барды. Борышкерлер теңге құнсызданғаннан кейін қарыздарын төлеу қиындағанын айтты.

Борышкерлер банк алдында банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің кездесуге шығуын талап етіп тұр. Сыртқа банктің атқарушы директорлары шығып, наразыларды ішке сөйлесуге шақырғанымен, борышкерлер Ломтадземен ғана кездесетіндерін айтып, олармен кездесуден бас тартты. Наразылар қолдарына "Байбек, халқыңды қорға!", "Қайта қаржыландырумен жұмыс істе!", "1 доллар - 1 теңге" деген жазулары бар плакаттар ұстап шығып, өздерімен бірге әкелген темір ыдыстарын қасықтарымен ұрып даңғырлатып тұр.

Kaspi Bank-тің басқарушы директоры Бақытжан Өмірзақованың Азаттыққа айтуынша, "наразылардың екеуі ғана осы банктің борышкері, олардың біреуінің мәселесі өзара келісіммен шешілген, екіншісі кеңсеге кіруден бас тартып тұр".

Борышкерлер Kaspi Bank-тен соң Абай даңғылының бойымен жаяулатып Ұлттық банк кеңсесіне қарай кетті.

Дереккөз: azattyq.org

2 ақпан 2016, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.