Атырау, 22 желтоқсан 15:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мұнайдың арзандауының фонында ұлттық валюта 9 теңгеге әлсіреді

1 347 рет қаралды

KASE биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, ұлттық валюта бағамы долларға қатынасында 368,91 теңгеге тең, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана уақыты бойынша, 2 ақпандағы 00.00 жағдайында, "РБК" мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 33,98 доллар.

Бірінші сауда 362,93 теңгемен жасалды. Осы минималдық құны болып тіркелді. Максималдық құны 370 теңгеге жетті. Сауда көлемі 19,55 миллион доллар болды. Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 365-370 деңгейінде саудалап жатыр.

Еске салайық, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің ақша айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері АҚШ доллары үшін - 6 теңге, евро үшін - 7 теңге болып бекітілген еді.

Дереккөз: tengrinews.kz


2 ақпан 2016, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.