Атырау, 18 мамыр 19:58
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Коммунистер депутаттыққа 22 адам ұсынды

1 806 просмотра

Фото: informburo.kzҚазақстан коммунистік-халықтық партиясы парламент мәжілісінің ерте сайлауына депутаттықтан үміткер ретінде 22 адам ұсынды.

Астанада өткен партияның кезектен тыс 10-құрылтайында партия басшылығы 22 адамды партиялық тізім бойынша депутаттыққа түсуді ұсынды. Ұсынылғандар арасында 2015 жылы партия атынан президент сайлауына түскен Тұрғын Сыздықов, бесінші шақырылымдағы мәжіліс депуттары Владислав Косарев, Жамбыл Ахметбеков бар.

Партия хатшысы Владислав Косарев құрылтайда баяндама жасап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан мәжілісті таратып, ерте сайлау өткізуді Қазақстан коммунистік-халықтық партиясы ұсынғанын, сайлау дағдарыс кезінде "жаңа, тың идеясы бар адамдарды табу" үшін өткізілу керек екенін айтты.

Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауы наурыздың 20-сына белгіленген. Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

Дереккөз: azattyq.org

2 ақпан 2016, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.