Атырау, 28 қараша 18:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ұлттық валюта нығая түсті

2 343 просмотра

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 359,85 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валюта таңғы сессияға қарағанда 2 теңгеге нығайып отыр. Таңғы сессияда бағам 361,42 теңгеге тең болған еді.

Күндізгі сессия кезінде алғашқы келісім 359,5 теңгемен басталды. Сессияда төменгі келісім 358,5 теңгемен, жоғарысы 361,3 теңгемен жасалды. Сауда көлемі болса 56,3 миллион доллардан асты.

Айта кетейік, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің ақша айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері АҚШ доллары үшін - 6 теңге, евро үшін - 7 теңге болып бекітілді.

Дегенмен ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу 355 теңге, кей жерлерде тіпті 354 теңгемен бекітілді. Сарапшы Евгений Кочетов бұған ақша айырбастау орындарының бағамның не боларын білмегендігі себеп болып отырғанын айтты. "Естеріңізде болса, өткен аптада ақша айырбастау орындары долларды не үшін сатып алмағандарын түсіндірген болатын. Олар жай ғана бағамның қалай өзгеретінін білмейді. Қазір де сондай жағдай болып отыр. Бүгін Мәскеудегі сауданың ашылуынан кейін доллар 1 теңгеге қымбаттады, ал мұнай бағасы кей жерлерде баррель құны 35 доллардан түсе бастады. Сонымен қатар, бұған жаңа ережелерге сәйкес шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің өзгеруі себеп болды. Бір сөзбен айтқанда, ақша айырбастау орындары қазір жағдайды бақылап отыр", - деді Кочетов.

Дереккөз: tengrinews.kz

1 ақпан 2016, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.