Атырау, 28 қараша 18:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Аэроұтқыр әскерінің сержанты қаза тапты

2 446 просмотра

Image 0Фото: ИА Новости-КазахстанАСТАНА. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласының Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты 32363 әскери бөлімінің кіші сержанты Асхат Қазақпаев постта басынан жарақат алған күйінде табылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«31 қаңтар күні Қапшағай қаласының Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты 32363 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша сақшы қызметін атқарып жүрген 1992 жылы туылған кіші сержант А.Қазақпаев постта басынан жарақат алған күйінде табылды», делінген хабарламада.

Қайтыс болуының себебін анықтау барысында қаза болған сақшыны ауыстыруға келген келісімшарт бойынша кіші сержант Константин Каминскийдің тауып алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, А.Қазақпаевтың телефон арқылы 2 хабарлама жібергені анықталды. Оның бірі - туыс қарындасының күйеуіне жіберілген. Хабарлама мәтіні мынадай: «Туыстарым, барлығы үшін мені кешіріңіздер, ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ, мен жоспарлап, осылай шешуге бел будым. Мені кешіріңіздер. Анама бас-көз болыңыздар. Мен барлықтарыңды қатты жақсы көремін». Екінші хабарламаны Исмаилова Гүлсара есімді қызына жіберген, ондағы хабарлама мәтінінде былай делінген: «Өтінемін кешір мені, мен осылай болғанын қаладым».

«Полиция қызметкерлеріне мәлім болғандай, қыздың айтуы бойынша кіші сержант Қазақпаев қаржылық проблемалары бар анасының несиесін төлеп келген. Одан басқа, қайтыс болған жігіттің туыс інісінің берген ақпараты бойынша ол демалыс кезінде екі рет асылу және күре тамырын кесу арқылы өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Бұның бәріне анасы екеуінің арасындағы ұрыс-керіс себеп болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Әскери бөлімде қайтыс болған әскери қызметшіге жақсы мінездеме беріп отыр. Қаруластарының айтуынша, кіші сержант Қазақпаев командирлермен және жеке құраммен ұрыс-керіске бармаған.

Қазіргі уақытта осы іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Дереккөз:inform.kz

1 ақпан 2016, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.