Атырау, 14 қаңтар 11:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

«Ауыл» партиясының мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізіміне 19 адам кірді

2 062 рет қаралды

Image 0Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. ҚР парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттар тізіміне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиядан 19 адам кірді, деп мәлім етті партия төрағасы Әли Бектаев.

«Үшінші мәселе бойынша ҚР парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттар тізіміне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиялық тізімді бекіту туралы мәселе бойынша қаулы жобасын дауысқа саламын. Кім қолдайды? Кім қарсы? Қалыс қалғандар жоқ. Бірауыздан қабылданды», - деді Ә. Бектаев дүйсенбі күні «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партияның кезектен тыс XII съезінде.

Ол кандидаттардың 70%-ы өндірісте жұмыс жасағанын, аудан, министрлік, агенттік басшылары болғанын алға тартты.

Сондай-ақ съез делегаттары мәжіліс пен мәслихат сайлауларына қатысу туралы шешім қабылдап, партияның сайлау алды «Ауылға дәстүрлерді қайтарамыз» атты бағдарламасын бекітті.

Дереккөз: ҚазТАГ

1 ақпан 2016, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.