Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұнайдың төмен бағасынан қорқынышты ештеңе көрмейді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұнайдың төмен бағасынан қорқынышты ештеңе көрмейді.
"Әдеттен тыс ештеңе болып жатқан жоқ. Тарихты еске түсіріп көрейік. Оңтүстік-шығыстық дағдарыс 1997 жылы басталды, 1998 жылы әлем осы дағдарыстан жапа шекті. Егер еске түсірсек, мұнай баррелі 8,5 доллар болатын. Содан кейін бүтін онжылдықта бір баррелге 130 долларға дейін өсті. Кейін түбіне жетіп келе жатуы мүмкін құлдырау онжылдығы басталды", — деді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс XVII съезі барысында.
"Біз міне жарты жыл бір баррелге (мұнай бағасы) 30 доллар жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Ештеңе болған жоқ қой. Ендеше біз бұны жеңеміз. Мүмкін бұған үйрену керек шығар. Бұл ұзақ болады деп ойламаймын және бұлай болып жатқаны жақсы шығар", — деп қосты мемлекет басшысы.
Оның пікірінше, бүкіл әлем бүгінгі таңда дамудың қарама-қайшы кезеңін бастап кешіріп жатыр.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары