Атырау, 28 қараша 18:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Назарбаев Астананың базарларына барып, азық-түлік бағаларын салыстырыпты

1 384 просмотра

Image 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың базарларына барып, азық-түлік бағаларын салыстырыпты. Бұл туралы ол "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде айтты, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

"Мен осының алдында базарларға арнайы бардым. Астанадағы бірнешеуін қарап шықтым. Қараңыздар, негізгі азық түліктің бағасы былай: сиыр еті өткен жылы қаңтарда 1470 теңге тұрған, қазір 1150 теңге. Жылқы еті - 1600 теңге еді, қазір 1400 теңге, нан 108 теңге болған, 108 теңге күйінде қалды. Сүт 199 теңге еді, қазір - 175 теңге, май 1500 еді, бүгінде - 1300. Мұнда түгелдей бір тізім бар, барлығын айтып отырмаймын: макарон 257 теңге болған, қазір 170 теңге. Картофель 96 теңге еді, 80 болып қалыпты. Тағы нені көп жейміз? Қырыққабат 101 теңге болғн, қазір 107 теңге, қызанақтар 600 болған, енді 850 теңге болыпты. Қыста тіскебасар ретінде болатын шығар, қияр да қымбаттапты. Алма болса 420 теңге еді, қазір 340 теңге, лимон болса 150 теңгеге қымбаттапты. Біз лимонсыз күн көре аламыз ғой енді", - деді Назарбаев.

Ол былай деп қосты: "Жағдайдан хабары жоқтар сөйлейді. Міне, енді барып, менің айтқанымды тексеріңдер".

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы құрылыс материалдарының бағасына тоқталды. "Енді құрылысшылар. Олар да бағаны көтеріп жатыр. Бізде пәтерлер неге қымбаттап жатыр, құны қымбаттады деу далбаса. Өткен жылдың қаңтарында бетон 8200 теңге тұрған, қазір 7200 теңге. Силикат кірпіші 8220 теңге болған, қазір 8300, арматура 79 мың теңге еді, қазір 76 мың теңге. Шет елдерден жеткізілетін тегістегіш, мәрмәр және травертин 1000 теңге. Барлық жерде мәрмәр қолдану міндет емес", - деді Елбасы.

"Атқарушы органдар осыны бақыласа, алыпсатарлықтың алдын алу керек. Қалғаны өтірік. Қазақстанда өндірілгеннің ешқайсысы да қымбаттай алмайды. Ал шекарадан кіретіндер туралы ойланып көру керек", - деді Назарбаев.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 қаңтар 2016, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.