Атырау, 12 мамыр 23:34
 бұлттыВ Атырау +21
$ 516.01
€ 582.47
₽ 6.26

Тікұшақ аптанынан кейін бюджет қаражатын пайдалану тексеріледі

2 352 просмотра

2016 жылдың 27 қаңтары күні сағат 16:55 шамасында Алматы облысында MD-600N тікұшағы апатқа ұшырап, оның салдарынан 5 адам қаза тапқан (1 ұшқыш және 4 жолаушы, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала).

АСТАНА, 29 қаң — Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы облысында тікұшақтың апатқа ұшырауына байланысты "Республикалық санитариялық авиация орталығы" РМК-нің бюджеттік қаражатты пайдалануы және әуе-көлік қызметтерін көрсету заңдылығын сақтауына тексеріс жүргізіледі деп хабарлайды Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

2016 жылдың 27 қаңтары күні сағат 16:55 шамасында Алматы облысында MD-600N тікұшағы апатқа ұшырап, оның салдарынан 5 адам қаза тапқан (1 ұшқыш және 4 жолаушы, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала).

"Республикалық санитариялық авиация орталығы" РМК-нің бюджеттік қаражатты пайдалануы және әуе-көлік қызметтерін көрсету заңдылығын сақтауына тексерістер тағайындалды",-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорының өндірісіне қабылданды.

Аталған факт Үштөбе станциядағы Желілік полиция бөлімінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ағымдағы жылдың 27 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 344-бабы бойынша тіркелді (темiржол, әуе, теңiз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу).

Дереккөз: newskaz.kz

29 қаңтар 2016, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.