Алматыда үш баланы өрттен құтқарып қалған 5-сынып оқушысы, 11 жастағы Сатыбалды Данияр «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталады, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Алматыда үш баланы өрттен құтқарып қалған 5-сынып оқушысы, 11 жастағы Сатыбалды Данияр «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталады, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
"Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапаттау рәсімі 2016 жылдың 2 ақпанында № 152 мектеп-гимназиясында болады.
Өрт 2015 жылдың 25 қарашасында Алматы қаласы Алатау ауданының, Ұлжан-1 ықшам ауданындағы Тәкежанов көшесі бойында орналасқан № 64 тұрғын үйде шыққан. Үйде сол сәтте Даниярмен бірге сегіз, жеті және үш жасар балалар болған.
Ал ересектерден ешкім болмаған. Өрт салдарынан бөлмелер түтінге тола бастаған. Сол арада Сатыбалды Данияр терезенің әйнегін сындырып, бауырларын осы терезе ойығы арқылы алып шығып, тілсіз жаудан құтқарып қалады. Ең соңынан терезе арқылы өзі шығып жатқан сәтте сол жақ жамбасынан жарақат алады. Кәмелетке толмаған Сатыбалды Данияр Айдынұлының дер кезінде жасаған батыл іс-әрекетінің арқасында кәмелетке толмаған үш баланың өмірі аман алып қалынды.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары