Авиация отынының біршама арзандауы "Эйр Астана" әуе компаниясының билеттерінің құнын арзандатпайды, өйткені компания девальвация салдарынан шетел валютасында жүзеге асырылатын шығындардың өсуіне тап болған, деп хабарлады әуе компаниясының президенті Питер Фостер.

"Иә, бір жарым жыл ішінде 40 пайызға арзандаған авиациялық керосеннің біршама төмендеуі орын алды. Бұл әрине жағымды әсер, бірақ осы уақыт ішінде ұлттық валютаның девальвациясы салдарынан компанияның АҚШ долларындағы теңгеге шаққандағы шығындары күрт өсті", — деді ол сәрсенбіде тілшілердің сауалына берген жауабында.
Фостердің айтуынша, нарықта қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайды ескергенде, қазіргі уақытта әуе компания өз қызметін "өте қарапайым мажорлық табыспен" жүзеге асыруда. "Сондықтан, жақын арада авиабилеттер тарифтерін төмендетуді ойластырып жатқан жоқпыз", — деп толықтырды ол.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары