"Уақытының тығыздығына қарамастан, Мемлекет басшысы қоғамдық пікірталас үшін маңызды алаң ретінде әлеуметтік желілердің негізгі трендтері жайынан жақсы хабардар", - деп жазды Абаев Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік желілер қоғамдық пікірталастардың маңызды алаңы деп санайды деп мәлімдеді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев.
"Уақытының тығыздығына қарамастан, Мемлекет басшысы қоғамдық пікірталас үшін маңызды алаң ретінде әлеуметтік желілердің негізгі трендтері жайынан жақсы хабардар", — деп жазды Абаев Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында.
Бұл ретте ол Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Ақорда аккаунтына жазылушылар саны 10 мыңнан асқанын айтты.
"Біздің жарияланымдарымызды оқып, пікір қалдырып, парақшаны жетілдіруге өз ұсыныстарын берген баршаңызға алғыс айтамыз. Сіздермен кері байланыс арқылы ғана жұмыстарымызды жақсарта аламыз",-деп атап айтты баспасөз хатшысы.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары