Атырау, 28 қараша 18:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

"Самұрық-Қазына": Доллар ары кеткенде 420 теңгеге жетуі мүмкін

2 476 просмотра

Image 0Ондаған ірі ұлттық компанияның басын қосатын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры биыл АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы ең қатты құлдырады дегенде 420 теңгеге дейін жетеді деп болжайды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, "Самұрық-Қазына" қорының басқарма мүшесі Елена Бахмутова қор теңге қатты құлдырады дегеннің өзінде мұнай баррелінің бағасы 20 долларға дейін түсіп, бір доллар 420 теңге болады деп болжайтынын мәлімдеген.

Бахмутова биыл қалыпты жағдайда мұнай баррелі 25 доллар болса, доллар бағамы 400 теңге шамасында болады деген. Қор экономикалық ахуал жақсарады деген күнде мұнай баррелі 35 доллар болып, доллардың айырбас бағамы 380 теңге болады деген болжам айтады.

Қазақстан ұлттық валютасы - теңге тамыз айында еркін айналымға жіберілген кезден бері өз бағамынан жүз пайыздан астамға құлдыраған. Қазақстан Ұлттық банкінің бүгінге белгілеген доллар бағамы 380 теңге 3 тиынды құрайды.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі биылғы жылдың бюджетін қайта қарауы мүмкін екенін хабарлаған. 2016 жылғы бюджет Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 40 доллар, доллар бағамы 300 теңге бағамына есептеліп бекіген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

27 қаңтар 2016, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.