«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевтан халықаралық көрме өткізуге арналған бюджетті қысқартуды сұрады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Есімов Назарбаевтан "ЭКСПО" бюджетін қысқартуды сұрады
«Біз қиын жағдайды ескере отырып, бюджет шығындарына қарауымыз керек. Бүгін мен президентке барамын. Тағы да құрылысты оңдайластыру туралы ұсыныс енгіземін. 78 миллиардты ол қолдап отыр. Қазір тағы да, егер ол қолдаса, бірнеше миллиардтық ұсыныстарымыз бар. Бұл туралы бүгін білетін боласыздар. Қаржы қысқарғанмен барлық қызметтер өзгермейді», - деді Ахметжан Есімов.
Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық компаниядағы топ-менеджерлер саны қысқарған болатын.
Дереккөз: nur.kz