Е.Малыбаев 2011 жылдың мамырынан іздеуде болды және қолда бар ақпараттарға сәйкес Ресей Федерациясы, Түркия және Қырғыз Республикасы аумақтарында бой тасалаған.
Аты-шулы "Қорғас ісіне" қатысы бар тағы бір қылмыскер ұсталды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметінен.
2016 жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы «Қорғас» қылмыстық ісі бойынша ұйымдасқан қылмыстың топтың белсенділерінің бірі Е.Малыбаевты ұстады.
"Е.Малыбаев 2007-2011 жылдары аралығында қылмыстық топтың құрамында жүріп, контрабандалық жолмен Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасы аумағына өте ірі көлемде жүктер мен тауарларды жеткізумен айналысқан құрылымдық бөлімшенің жетекшісі болған",- делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, Е.Малыбаев 2011 жылдың мамырынан іздеуде болды және қолда бар ақпараттарға сәйкес Ресей Федерациясы, Түркия және Қырғыз Республикасы аумақтарында бой тасалаған.
"Жалпы, ведомство ақпаратына сәйкес, «қорғасы ісі» бойынша 31 адамға іздеу жарияланып, оның 30 ұсталған. Олардың 3-еуі Біріккен Араб Әмірлігінен, 1-еуі Ресейден және тағы біреуі Қырғызстаннан елге қайтарылды",-деп көрсетілген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта аталған қылмыстық істің Түркияда ұсталған соңғы фигурантын Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілу үстінде.
Дереккөз:Қазақстан жаңалықтары