Шымкент. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Шымкентте қылмыстық ортадағы беделді Бондо Стуруа (суретте - сол жақта) 22 жылға сотталды, деп мәлім етті ОҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сот судьясы Әбирұр Қарабаев.
«Ол ҚР ҚК 263 б. 5 т., 265 б. 1 т. және 428 б. 1 т. бойынша айыпты деп танылды. Ол жазасын ерекше режимдегі колонияда өтейтін болды, себебі оның қылмысында өте қауіпті қайталанушылық орын алғандығы дәлелденді. Прокурор 25 жыл, ең үлкен мерзімдегі жазаны сұрады», - деді А. Қарабаев үкімджі жариялап болған соң.
Қылмыстық беделдінің үстінен сот процессі өткен жылғы қазан айында басталды. Осы аралықта қылмыстық істің 15 томы қаралды. Куәлер ретінде сотқа тартылып отыған қылмыскер кезінде отырған колония қызметкерлері, сотталғандардан ақша алудың әдістерін ұзақ уақыт бақылап жүрген ҰҚК қызметкерлері сөйледі.
Бондо Стуруа трансұлттық қылмыстық топты басқарған, қылмыстық ұйымдардың ұйымдасқан топтарының басшысы болған. Атап айтқанда, оның міндетіне ресейлік ҰҚТ-ның грузиндік қанатын үздіксіз қаражатпен қамтамасыз етіп отыру жүктелген.
Сондай-ақ ол «бүкіл қазақстандық түрмелерге бақылаушы» болған. Сотта оның сотталғандардан ақша алу деректерін дәлелдеудің реті келді. Ол «тыныш өмір сүруге» кепілдік үшін $10 мыңға дейін ақша алып отырған. Сондай-ақ ол белгілі сомаға сотталғандар арасындағы дауды реттеп отырған, және «қадағалаушылар» деп аталатындарды сайлаған.
Одан басқа, сотта оған қылмыстық атқару жүйесінің әкімшілерінің заңды талаптарына қасақана бағынбаушылық үшін айып тағылды.
Сондай-ақ осы қылмыстық беделдінің ымыраласы Андрей Лиге де үкім шығарылды. Ол трансұлттық қылмыстық топты қаржыландыруға қолқабыс етті деп айыпталып, қатаң режимдегі колонияға 7 жылға сотталды.
Бондо Стуруа мен Андрей Ли жасаған барлық қылмыстар 2012-2013 жылдары жасалған, ал 2015 жылы ашылды.
Дереккөз: ҚазТАГ