Атырау, 14 қаңтар 08:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Теңге бағамы алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп күтеді Мәсімов

2 092 рет қаралды

Image 0Теңге бағамы салыстырмалы тепе-теңдікке жақындады, алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп санайды Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Теңге бағамы салыстырмалы тепе-теңдікке жақындады, алдағы бір-екі аптада тұрақталады, деп санайды Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

"Менің ойымша, біз белгілі бір салыстырмалы тепе-теңдік нүктесіне жақындадық, енді жақын болашақта, меніңше бір-екі апта ішінде рубльдің де долларға қатысты, теңгенің де долларға қатысты бағамның тұрақталғанын көреміз. Бұл өте маңызды деп білемін. Тепе-теңдік нүктесіне келгенде, жағдай да тұрақталады, сол кезде ұзақ мерзімді болжам жасауға болады", — деді Мәсімов РИА Новости агенттігіне.

Қазақстан үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда ұлттық валютаның бағамына екі фактор әсерін тигізеді. "Бірінші фактор — мұнай бағасы. Екінші фактор - бұл рубль бағамының тұрақты валюталарға қатынасы, өйткені біз Ресеймен бірге бірыңғай экономикалық кеңістіктеміз ", — деп атап өтті Мәсімов.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

22 қаңтар 2016, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.