Атырау, 19 мамыр 22:58
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мальтада қазақстандық пышақпен 6 адамға шабуыл жасады

1 537 просмотра

Image 0Мас күйдегі қазақстандық Мальтада 6 адамға пышақ ала жүгіргені үшін сот оған 116 еуро айыппұл салып, 10 айға түрмеге жапты, деп жазады британдық Independent газеті.

Мас күйдегі қазақстандық Мальтада 6 адамға пышақ ала жүгіргені үшін сот оған 116 еуро айыппұл салып, 10 айға түрмеге жапты, деп жазады британдық Independent газеті.

БАҚ мәліметінше, 23 жасар Айбек Манапов 20 см пышақпен 6 адамға шабуыл жасағанын мойындаған.

"Жігіт бір келіншекті жеңіл жарақаттап, 5 адамға шабуыл жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сонымен қатар, рұқсатсыз суық қару алып жүргені үшін айыпталып отыр",-джеп жазады басылым.

БАҚ мәліметіне сәйкес, мәмілегер судья Донателла Френдо Димек бейсенбі күні таңертең Айбек Манаповқа 3 жыл шартты және 10 ай түрмеге қамау жазасын кесті. Оған 116 еуро айыппұл салынған.

Қазір А.Манапов Мальта аумағында, ол онда 2015 жылдың қазан айынан бері ағылшын тілін үйренуде. Тіл курсы 2016 жылдың мамыр айында аяқталуы тиіс. Алайда сот басқа студенттерге қауіп төндіретіндіктен оны мүмкіншілік туа қалған жағдайда ел аумағынан шығарып салу керек деген шешім қабылдады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

22 қаңтар 2016, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.