Атырау, 14 қаңтар 08:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Теңгемен салынған депозиттердің жылдық мөлшерлемесі 1 ақпаннан бастап өсіріледі - ҚР Ұлттық банкі

1 766 рет қаралды

2016 жылдың 1 ақпанынан бастап теңгемен салынған депозиттердің жылдық өсімі 10-нан 14 пайызға дейін өседі, ал шетел валютасында 3-тен 2 пайызға дейін төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

"Ұлттық валютамен ашылатын салымдардың тартымдылығын арттыру, сонымен қатар, инфляцияның өскен деңгейін жабуды қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың теңгемен жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі 10-нан 14 пайызға дейін өседі, ал шетел валютасында 3-тен 2 пайызға дейі төмендейді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл шешімді "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-тың Директорлар кеңесі қабылдады.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 қаңтар 2016, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.