Атырау, 28 қараша 18:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің нәтижесінде 4,8 млрд теңге үнемделеді

1 502 просмотра

Күллі Қазақстан халқына таңдау мүмкіндігін беріп, жауапты іс жүктеген Мәжіліс сайлауын өткізудің жоспары бекітілді. Аталмыш науқан үміткерлерді ұсыну, тіркеу және үгіттеу сынды 3 кезеңге бөлінген.

Соңғысы Мәжіліс депутаттары үшін ақпанның 20-сынан наурыздың 18-іне дейін жалғасады. Қазақстандықтардың таңдауымен Парламент Мәжілісіне 7 партия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қатарынан – 107, ал мәслихатқа жалпы саны 3 мың 335 депутат тағайындалмақ. Саяси топтардан сайлауға елде тіркелген «Нұр Отан», «Ауыл», «Ақжол», «Бірлік», «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы», «Азат» және «Социал-демократиялық» партиялары қатыса алады. Сайлау туралы заңға сәйкес, осы топтар арасында алдын ала пікірталастар өткізілуі тиіс. Ал Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын мерзімінен бұрын сайлаудың нәтижесінде 4,8 млрд теңге шамасындағы қазына қаржысы үнемделмек. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері хабарлады. Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы: - Сайлауды өткізу үшін шамамен 8 млрд теңге жұмсалады деп жоспарланған. Біз сайлауды жеке-жеке өткізсек, қыруар шығынға батар едік. Мәжіліс пен мәслихатты бірлесе ұйымдастыру арқылы 4,8 млрд теңге үнемдей аламыз.

Дереккөз: 24.kz

21 қаңтар 2016, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.