Атырау, 14 қаңтар 08:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

2016 жылдың басында Қазақстандағы валюта депозиттерінің үлес салмағы 69% жетті

2 649 рет қаралды

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ұлттық валютадағы депозиттер бір жылда 4 952,0 млрд. теңгеге дейін 4,8%-ға төмендеді, шетел валютасымен 11 018,5 млрд. теңгеге дейін 69,6%-ға өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.

Жарияланған ақпарға сәйкес, теңгемен 6 депозиттердің үлес салмағы 2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 44,5%-дан 31,0%-ға дейін төмендеді. Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттерінің үлес салмағы бір жылда 32,7%-дан 21,1%-ға дейін төмендеді.

Ұлттық валютадағы депозиттер бір жылда 4 952,0 млрд. теңгеге дейін 4,8%-ға төмендеді, шетел валютасымен 11 018,5 млрд. теңгеге дейін 69,6%-ға өсті. 2015 жылғы желтоқсанда резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 3,1%-ға артты. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 0,7%-ға төмендеді, жеке тұлғалардікі – 8,7%-ға артты.

2015 жылғы резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 15 970,5 млрд. теңгеге дейін 36,6%-ға артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 177,8 млрд. теңгеге дейін 25,8%-ға өсті, жеке тұлғалардікі 6 792,7 млрд. теңгеге дейін 54,5%-ға ұлғайды.

Дереккөз: ҚазТАГ

21 қаңтар 2016, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.