Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Қазақстан парламентінің мәжілісіне партиялық тізіммен тіркелетін кандидаттың жарнасы Т342 885 болады, деп мәлім етті ҚР орталық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Владимир Фоос.
«Заң бойынша сайлау жарнасын саяси партия партиялық тізімге енген тұлға үшін 15 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінде төлейді, ол 342 885 теңге», - деді В. Фоос бейсенбі күнгі брифингте.
Мәслихатқа сайлауда, оның айтуынша, әр кандидат сайлау жарнасын 5 ЕТЖ мөлшерінде төлейді, ол Т114 295.
Сондай-ақ ол Қазақстан әділет министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстанда 7 саяси партия тіркелгенін жеткізді.
Дереккөз: ҚазТАГ