Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан парламентінің сайлауы 20 наурызға белгіленді.
«Мәжілістегі кезектен тыс сайлау (партия тізімі бойынша сайланатын) 2016 жылдың 20 наурызына белгіленді», - делінген Twitter-дегі Ақорданың ресм аккаунтындағы хабарда.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 21 наурызға белгіленді.
Сондай-ақ президент орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс сайлауға дайындықты ұйымдастыру және өткізуді, үкіметке, Астана және Алматы қаласының, облыс әкімдеріне депутаттардың кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру, материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабалдауды тапсырды.
«Конституция кепілі ретінде мен орталық сайлау комиссиясына және барлық құзырлы мемлекеттік органдарға алдағы сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін қамтамасыз етуді тапсырамын. Сайлау кампаниясы мен сайлау күрделі кезеңде ұлтты бір арнаға шоғырландырып, Қазақстанды дамудың жаңа деңгейіне шығаратынына сенімдімін», - деді Н.Назарбаев сәрсенбіде республикалық телеарналардағы эфирде.
Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылымдағы парламент мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.
Өздеріңіз білетіндей, мәжіліс 107 депутаттан тұрады. 98 депутатты партиялық тізім бойынша дауыс беруде сайлайды. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл. Мәжіліс депутаттарын кезекті сайлау парламенттің жұмыс істеп тұрған шақырылымының мерзімі аяқталуының алдында екі ай бұрын өткізіледі. Парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы оның өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталысымен екі ай ішінде өтеді.
V шақырылым мәжілісі 2012 жылы қаңтарда құрылған. Сайлауға 7 саяси партия қатысып, олардың 3-еуі қорытынды нәтижесінде 7%-дан астам дауыс алды: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия (80,99 %), «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы (7,47 %), Қазақстан коммунистік халық партиясы (7,19 %).
Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау 2012 жылы 15 қаңтарда өтті. Жергілікті билік органдарының өкілеттік мерзімі – төрт жыл.
Дереккөз: ҚазТАГ