Атырау, 28 қараша 17:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мәмбеталин мен Нарымбаевты сот залынан шығарды

1 305 просмотра

Image 0Белсенді Серікжан Мәмбеталинді сот залынан әкетіп жатқан сәт. Алматы, 20 қаңтар 2016 жыл."Алауыздық тудырды" деген айыппен сотталып жатқан азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевты бүгін Алматының Алмалы аудандық сотынан шығарды.

Сотта Нарымбаевтың жұмыс кеңсесін тінтуде түсірілген видеоны көрсету кезінде Нарымбаев пен істі жүргізіп жатқан судья Марал Жарылғасова сөзге келіп қалды. Судья Нарымбаевты сот залынан шығаруға өкім етті. Бұдан соң Мәмбеталин Нарымбаевты қолдап, сотқа қатысудан бас тартатынын мәлім етті. Сотталушылар сот залынан шығарылды.

Бұдан соң сот белсенділердің қатысуынсыз жалғасты. Сотта олардың адвокаттары мен қоғамдық қорғаушылары ғана болды. Сот тыңдауы "айғақтарды зерттеу" кезеңіне өтті.

Бүгін бұдан ертерек Нарымбаев сотта 18 қаңтардан бастап аштық жариялағанын, өзін абақтыда бір кісілік камераға ауыстырғанын айтқан.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев былтыр қазан айында қамалған. Оларға Facebook желісінде «Қазақстан мұсылмандар одағы ұйымының жетекшісі» Мұрат Телібеков жазды деген, жарияланбаған "Ветер с улицы" кітабынан үзінді келтірді деген айып тағылған. Ресми айыптауға қарағанда, «үзінді мәтіні ұлтаралық араздық тудыруға себеп болуы мүмкін». Белсенділер айыпты мойындамайды.

Сот желтоқсан айында басталған.

Дереккөз: azattyq.org

20 қаңтар 2016, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.