Атырау, 28 қараша 17:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Астана полицейлері өз қыздарына "арақ ішуді" үйреткен ер адамды тапты

1 873 просмотра

Астана полицейлері өз қыздарына "арақ ішуді" үйреткен ер адамды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Интернетте ер адамның өз қыздарына арақ ішуді үйретіп жатқаны бейнеленген видео жарияланған еді. Кадрлардан ер адамның дастархан басында екі қызымен отырып, болжам бойынша, оларға арақ құйып бергендей болады. Бастапқыда ол ересектеу қызына құяды, кейін соғыстырады. Кейін кіші қызы да әкесінен құйып беруді сұрайды. Қыздар келесі рөмкені ішкеннен кейін тыжырынады. Бұл көрініс әкесіне ұнаған болуы керек, өз қыздарын "алқаш" дейді. Видеоны әйел түсіріп тұр. Оған да бұл көрініс ұнаған сыңайлы.

Іздестіру шаралары барысында полицейлер Қазнетті шулатқан видеоның кейіпкері Астананың 34 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

Ер адам үйде отырып балаларымен қалжыңдасу мақсатында видеоролик түсіргісі келгенін айтты. Ол арақтың бос шынысын тауып алып, оған "Сарыағаш" минералды суын құйып, балаларына құйып бергенін жеткізді. Видеоролик қызық үшін түсірілген", - деді ІІД қызметкерлері.

Сонымен қатар, Астана ІІД өкілдері ер адамның видеоны Интернетке жүктеген адамды тауып, жазалау үшін арыз жазғанын айтты.

Қыздардың әкесінің шағымы ҚР Қылмыстық кодексінің 211-бабы ("Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату") бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеуге алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Кәмелетке толмағандарға алкогольді ішімдік ішкізу дерегін растау үшін сараптама тағайындалды", - деді полицейлер.

Елорда полицейлері видеоны тексеріп шықты. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер
жасауға тарту") бойынша тіркелді. Бұл дерек бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 қаңтар 2016, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.