Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Қазақстанды "қауіпті елдер тізіміне" қосу туралы заң жобасы мақұлданбағанын хабарлады.
Бірер күн бұрын америкалық Journal Star агенттігі Кентукки штатынан сайланған сенатор Рэнд Пол қауіпсіздікке қатысты заң жобасын дайындағанын хабарлаған. Онда Қазақстан мен постсоветтік бірнеше елден және бірқатар араб мемлекеттерінен "АҚШ-қа терроршылар келуі мүмкін" деп, оларды "қауіпті елдер" тізіміне қосу ұсынылған.
СІМ баспасөз қызметі бұл ақпараттың ескі екенін және аталған заң 2015 жылы қарашада дайындалып, оны АҚШ конгресінің жоғарғы палатасы көпшілік дауыспен қабылдамай тастағанын айтады.
Дереккөз: Азаттық радиосы