АҚШ конгрессіне бірқатар елді "аса қауіпті елдердің" тізіміне жатқызатын заң жобасы енгізілді. Бұл тізімдегі елдерден АҚШ-қа лаңкестер кіріп кетуі мүмкін екен. Тізімге Қазақстан да кіріп отыр. Бұл туралы америкалық Journal Star басылымы жазып отыр.
Құжат бойынша, тізімдегі елдердің азаматтары америкалық виза алу үшін беретін өтінім кем дегенде 30 күн тексеріледі, сонымен қатар, осы елдерден келетін босқындарға деген бақылау күшейтіледі. Айта кетейік, тізімге Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Солтүстік Корея, Катар, БАӘ, Пәкістан, Ауғанстан, Мысыр және тағы да 30 шақты араб және африкалық елдер кіріп отыр. "Қауіпсіздік актісін" Кентукки штатының сенаторы Рэнд Пол жасаған.
Заң жобасына сәйкес, Мемлекеттік департамент америкалық ішкі қауіпсіздік министрлігімен бірге "қатер туғызатын елдерден" АҚШ-қа баратындарға визаны 30 күн ерте берілуін немесе "қауіпсіздік бойынша кеңейтілген тексеріс" толықтай аяқталғанын қадағалауы тиіс.
Дереккөз: tengrinews.kz