Атырау, 28 қараша 17:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстан СІМ басшылығы ведомствоның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады

1 756 просмотра

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен өткен отырыс барасында ведомствоның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын талқыланды.

АСТАНА, 18 қаң — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен өткен отырыс барасында ведомствоның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын талқыланды.

"Сыртқы саясаттағы экономикалық компоненттерді одан ары күшейту келешегі, Ираннан халықаралық санкцияның алуына байланысты өзара іс-қимыл, ШЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ және басқа да ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамыту, сонымен қатар Америка, Африка және Азия елдерімен қарым-қатынастар ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен өткен кезекті отырыс барысында талқыланды", — делінген хабарламада.

Ведомство басшысы елімізге шетел инвестициясын тартуға бағытталған нақты шараларды күшейту, Ұлы жоспарын жүзеге асыру асында ел экономикасында жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер жайында шетелдік серіктестерге ақпарат беру, сонымен қатар жайлы іскерлік ахуалды қалыптастыруға негізделген шаралар жайында атап өтті.

Бұл тұрғыда қаңтардың 20-23 күндері Давоста Қазақстан делегациясының қатысуымен өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум маңызды шаралардың бірі болмақ. Оның аясында Қазақстан Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, елдегі іскерлік ахуалды жетілдіруге бағытталған шараларын таныстыратын болады. Таяуда ғана Қазақстан аталған банктің Doing Business рейтингінде 189 елдің арасында 12 тармаққа жоғарылап 41-орынға орныққан болатын.

Иран Ислам Республикасының халықаралық уағдаластыққа байланысты олардың тарабынан туындаған шарттарды орындауына орай санкциялардың алынуынан қазақстандық бизнес үшін туындайтын жаңа мүмкіншіліктер де кеңінен қаралды. Е.Ыдырысов атап өткендей: «Бүгінгі таңда Иранмен, сонымен қатар оның транзиттік әлеуетінің ашылуына байланысты басқа да серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуде барынша тиімді оң өзгерістерді пайдалану маңызды».

ҚР СІМ басшысы ағымдағы жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ететіндігін баса айта келе, аталған одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан ары дамыту маңыздылығын да айрық атап өтті.

Сыртқы саясатты экономикаға бейімдеу мәселелерін талқылай келе сыртқы саясат ведомствоның басшылығы ҚР СІМ желісі аясында елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық мәселелерін де қарастырды. Осы ретте ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ЭКСПО комиссары Рәпіл Жошыбаев атап өткендей, ағымдағы жылы үш айға созылатын көрмеге қатысушыларды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасады. Бүгінде оған қатысатындығын 67 мемлекет пен 13 халықаралық ұйым қуаттап отыр.

Е.Ыдырысов өз сөзінде ағымдағы жылы Ислам ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары (Ыстамбұл), Сыртқы істер министрлері (Ташкент) кеңесін өткізу жоспарланғанын атап өтті.

Дереккөз: newskaz.kz

19 қаңтар 2016, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.