Aстана. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Қазақстанда орта білім беретін әрбір оқу мекемесінде өзіндік бірыңғай мектеп киімінің үлгісі болады және оны әкімшілік ата-аналар жұртшылығымен бірлесіп қабылдайды, деп мәлім етті ҚР білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) мектепке дейінгі және орташа білім беру, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.
Оның айтуынша, «Білім туралы» ҚР заңының 5 бабының 14-1 тармағына сай Қазақстанда орта білім мекемелері үшін міндетті мектеп киіміне талаптар әзірленген және ол мүдделі органдарда үйлестіруден өтіп жатыр.
«Орта білім беретін мекемелер үшін міндетті мектеп киім үлгісіне талаптарды бекіту және оларды одан ары жалпыбілім беретін мектептерде іске асыру ағымдағы жылдың бірінші тоқсанынан қарастырылады», - деп айтты директор.
Ондай талаптарды қабылдау білім берудің зайырлы сипатын іске асыру, білім мекемелерінде оқып жатқандардың арасында, әлеуметтік, мүліктік, діни және басқа да айырмашылықтарын жою және оқушыларды сапалы киім үлгілерімен қамтамасыз ету деп қадап айтты БҒМ өкілі.
Аталған құқықтық нормативтік акті республиканың барлық жалпыбілім мектептерінде оқитындар үшін бірдей мектеп киім үлгісін енгізуді қарастырмайды», - деді Ж. Жонтаева.
«Мектеп киім үлгісін таңдау білім беретін орган мен оның коллегиялық органдарының құзыретінде», - деді Ж. Жонтаева.
«Департамент мектеп формаларын тігетін мекемелердің тізімін анықтауға құқығы жоқ. Отандық мектеп киім үлгілерін тігетін кәсіпорындар тізіміне енген кәсіпорындардың алдын ала мәліметтері бойынша, бір оқушының киім үлгісінің бағасы 15 мың теңге деп анықталған», - деді БҒМ өкілі.
Онымен қатар дайындалған талаптар бойынша, білім органдары мен оқу мекемелерінің жетекшілері ата-аналарға отандық киім тігушілерден сатып алуды ұсына алады, бірақ оны нақты бір кәсіпорыннан сатып алуға міндеттей алмайды, дейді Ж. Жонтаева.
«Әрбір мектеп оқу мекемесіне міндетті мектеп киім үлгісін енгізу мерзімін анықтауда - дербес», - деді ҚР білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) мектепке дейінгі және орташа білім беру, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.
Дереккөз: ҚазТАГ