Атырау, 28 қараша 17:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Елбасы кезектен тыс сайлау өткізу туралы консультация өткізді

3 238 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен кезектен тыс сайлау өткізу туралы консультация өткізді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

АСТАНА, 18 қаң — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен кезектен тыс сайлау өткізу туралы консультация өткізді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Елбасы Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы бастамасы түрлі пікірталас алаңдарында, сарапшылар арасында және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық пікірді анықтауға арналған сауалнама да бұл ұсыныстың кеңінен қолдау тапқанын көрсетіп отырғанына назар аударды.

Қ.Жақыпов партиялардың сайлаушылардан жаңа сенім мандатын алу, кең қоғамдық ұйысу, сондай-ақ жүргізілетін реформаларды барлық деңгейде жүзеге асыру үшін Мәжіліс пен мәслихаттар іс-қимылын сәйкестендіру қажеттігі мұндай шешімнің қабылдануына басты себеп болғанын атап өтті.

Дереккөз: newskaz.kz

18 қаңтар 2016, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.