Cremonini италияндық ірі топ құрылымына кіретін Inalca Eurasia ірі агроөндірістік трансұлттық корпорациясы Қазақстан нарығына кіруде.
Қазақстандық «Актеп» компаниясымен Inalca Eurasia трансұлттық корпорациясы арасында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 61 қадамының шеңберінде меморандумға қол қойылды.
«Inalca Eurasia» еліміздің ет саласына 100 млн. евродан аса қаражатты инвестициялау жөнінде шешім қабылдады. Қаражат республиканың 3 облысында бір мезгілде бордақылайтын 44 мың бас қуаттылығымен бордақылау алаңдарының құрылысы үшін ветрикалды-ингеграцияланған компаниялардың құрылуына бағытталмақ. Бұған қоса, Ақтөбе облысында ет комбинатынының қуаттылығын 20 мың тонна ет және ет өнімдерін ұлғайтумен модернизациялау жоспарлануда. «Inalca Eurasia» компаниясы қазақстандық ет брендін жасап, Еуропа елдерімен Ресей Федерациясына ет экспортын қамтамасыз етуге ниеттенуде.
«Актеп» компаниясы 2015 жылы тұрақты сиыр етінің экспортын ай сайын 200 тонна көлемінде қамтамасыз етті. 2016 жылы экспорт көлемін жылына ет өнімдерін 12 000 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. Жылына 7200 тонна ет қуаттылығымен заманауи етті қайта өңдейтін зауыт салынды. Мұның барлығы компанияға етті мал шаруашылығында аймақтың кооперация ұйымының орталығы болуына мүмкіндік береді.
Үш облыс әкімдіктерімен, министрлікпен және «Inalca Eurasia» компаниясы арасында аймақта еттің экспорттық әлеуетін жоғарлату үшін индикативтік көрсеткіштер мен мақсаттарды айқындайтын етті мал шаруашылығында аймақаралық кооперация құру бойынша қызмет ету жоспары бекітілді.
2015 жылы облыс бойынша «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 4,5 мың ірі қара мал басы алынды. Тұқымдық түрлендіруге 44% аналық ірі қара мал басы тартылды. Ресей Федерациясына 2,8 мың тонна ет және ет өнімдері, соның ішінде 895,5 тонна сиыр еті экспортталды. Облыстың ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 5,3 млрд. теңгені құрады.
Анықтама:
Inalca Eurasia Cremonini компанияларының тобына кіреді. Еуропа, Африка және ТМД елдерінде ет және ет өнімдерін өндіру саласында ірі компаниялардың бірі. Холдингтің жылдық айналымы 2014 жылы 3,3 млрд евроны құрады.
Дереккөз: Baq.kz