Атырау, 28 қараша 17:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қостанай облысынан табылған мақұлықты биолог пен полицейлер көріп қайтты

1 684 просмотра

Image 0Қостанай облысының биологтары мен тілшілері Бағаналы ауылынан табылған мақұлықты көріп қайтты, - деп хабарлайды "Наша газета".

Мектепте от жағушы болып жұмыс істейтін Геннадий Кузнецов оқиғаның қалай болғанын толығырақ айтып берді. "Оны 7 қаңтар күні сағат 16.00 шамасында мектепте көмірлердің арасынан тауып алдым. Жұмыртқаның көлемі америкалық футболдың добымен шамалас болды. Күрекпен түртіп көргенімде жұмыртқа жарылып, ішінен бірдеңенің қимылдап жатқанын сездім. Мұның түсі алғашында ақ болды. Кейін көмірдің түсіне айналды. Бұл тіршілік иесіне қызыққандықтан үйіме алып кеттім. Иттер алып кетеді деген ой келді, ал мен институттарға зерттеуге бергім келді. Осыған дейін оны қоймада сақтап келдім. Кейін оны сумен жудым. Артық иісі жоқ", - деді ол.

Мектеп жұмысшысының үйіне жиналған тілшілер, полицейлер мен биолог мақұлыққа анықтап қарады. "Бұл тіршілік иесі динозаврға мүлде ұқсамайды. Жәндіктің қасындағы қалтада жұмыртқаның қабықтары да болды", - деп хабарлады басылым.

Ғалымның айтуынша, табылған жәндік жануар тектес. "Мұнда қан жүретін жүйенің ізін байқауға болады. Дегенмен бұл туралы нақтырақ айту қиын. Ауылшаруашылық институтында Ветеринарлық факультеттің зертханасы бар, мұны сонда апарып зерттееген жөн", - деді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының табиғат бөлімінің қызметкері Андрей Андрющенко.

"Полицейлер Геннадий Кузнецовтан жауап алып жатқан кезде үйге СЭС қызметкерлері келді. Олар ғимаратты залалсыздандырды", - делінген басылымда.

"Қазір ол ішекке ұқсайды. Бірақ ол тірі", - деді фельдшер Альфина Лыгина. Жергілікті мал дәрігері болса мұндай жәндікті алғаш рет көріп отырғанын жеткізді.

Зерттеу жұмыстарына қанша уақыт кететіні әзірше белгісіз. Мәліметтердің көбін куәгерлер берді. Биолог Андрющенко ақпараттарға сүйеніп өз болжамын айтты: "Көмірлердің арасындағы қуыста жібек құрты болуы мүмкін. Жұмыртқаның ішіндегі сұйықтық жәндікке аязда тоңбауға көмектескен. Жәндіктің көмір күлімен араласып кетуі оның не екенін анықтауды қиындатады. Біз мұны осы жерде зерттеуден бас тартып, оны СЭС қызметкерлеріне тапсырдық. Мұны бір аптадан соң емес, ертерек қолға алу керек еді. Нақты жауап алу үшін зерттеу нәтижесін күтейік", - деді биолог.

Дереккөз: tengrinews.kz


15 қаңтар 2016, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.