Өскемен. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстанда Көкпекті ауданының аңшы шаруашылығындағы қорықшылар мен табиғатты қорғау қызметі қарлы қыстан әлдері құрыған, аш елік пен бұғыларды құтқарды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Қорықшылар Жансара бөлігіндегі орман алқабында қарны ашқан, әбден әлсіреп, қозғалуға шамасы жоқ елікті байқаған. Оны құтқаруға облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты қорғауды реттеу басқармасының аға инспекторы Аркадий Старцев те қосылған. Олар орман алқабына дейін атпен жол салып барып, қарға мүдірмейтін көлікпен шөп апарып, аңды құтқарып алған», - деді бейсенбіде аудандық әкімдікте.
Әкімдік қызметкерлерінің ақпарынша, желтоқсаннан бері аудандағы қардың қалыңдығы 2 метрге жеткен, ауа райының осындай жағдайы мен шөптің болмауы салдарынан жабайы аңдар жиі әлсіреп, өліп жатқан көрінеді. Мәселен, Лайлы шатқалының маңында қорықшылар әлсіреген маралды кезіктірген. Табиғатты қорғау ведомствосының инспекторымен бірге олар маралды жақын маңдағы жол-құрылыс маңына қуып апарып, шөбі бар аулаға орналастырған.
«Аң әбден әл жинағаннан кейін оны жергілікті марал ұстайтын жерге тапсыратын болар, ондағы маралдар жартылай жабайы күйде ұсталады», - деді әкімдікте.
Дереккөз: ҚазТАГ
В Атырау -2