Атырау, 20 мамыр 21:41
 ашықВ Атырау +13
$ 510.78
€ 576.06
₽ 6.35

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы хабарлаған қазақстандық Т212 мыңға дейін сыйақы ала алады

10 551 просмотра

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы беру қағидасын бекітті. ҚР үкіметінің 30 желтоқсандағы тиісті қаулысы ресми БАҚ-та жарияланды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбай¬лас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді», - делінген бейсенбідегі құжат мәтінінде.

Сонымен, қаулыға сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша — 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі — АЕК); онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК; ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК; ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 70 АЕК; аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 100 АЕК төленеді.

Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеуден бас тартқан жағдайда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де түрде жәрдемдесетін адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органға тиісті өтініш береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.

Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты: әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген; айыптау үкімі заңды күшіне енген; ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу көтермелеу туралы бұйрық шыққан күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде адамның жеке немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізіледі.

Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

1 АЕК = Т2121

Дереккөз: ҚазТАГ

14 қаңтар 2016, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.