Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Оксана Скибан. ҚР парламенті сенаты басшысының жаңа орынбасары болып Сергей Громов тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ҚР парламенті сенатының төрағасы орынбасарын тағайындау туралы: Конституциялық нормаларға сәйкес бұл қызметке сенат төрағасы ұсыныс енгізеді. Мен Сергей Громовтың кандидатурасын ұсынамын», - деді сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбідегі палатаның алқа отырысында.
«Сергей Николаевичті сіздер жақсы білесіздер, оны таныстырудың қажеті жоқ. Осы кандидатураны талқылау қажет пе деген сұрақ қойғым келіп тұр. Сенат регламентіне сәйкес сенат төрағасы орынбасарын тағайындау туралы шешім ашық дауыс берумен қабылданады», - деді ол.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұған дейін вице-спикер қызметін атқарып келген Қайрат Ищанов қызметінен босату туралы өтініш жазған.
«Ищанов бұл қызметте 2011 жылдан бері отырды. Ол сенат қызметіне зор үлес қосты. Ол өізінің тәжірибесін, заңнама қызметіндегі біліктілігін, оған қоса өзін адамгершілік тұрғыдан жақсы көрсетті. Бүгін 42 адам қатысып отыр. Шешім қабылданды», - деді сенат спикері.
Парламент сентанының баспасөз қызметінің ақпарынша, Қ.Ищанов сенаттың қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған.
Дереккөз: ҚазТАГ