Атырау, 28 қараша 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мырзахметов: теңге бағамы әлі ең төменгі шегіне жеткен жоқ

1 739 просмотра

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың пікірінше, теңге бағамы әлі ең төменгі шегіне жеткен жоқ. Бірақ ол алдағы айлар еншісінде екен.

АСТАНА, 14 қаң — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың пікірінше, теңге бағамы әлі ең төменгі шегіне жеткен жоқ. Бірақ ол алдағы айлар еншісінде екен.

"Бүгінгі бағамның мұнай бағасына байланысты екені түсінікті.Оның ішінде рубль бағамын бақылап отырмыз, олар да еркін ауытқу бағамы саясатына өтті… Девальвация экспорт салаларына өздерін демеуге мүмкіндік берді, бірақ девальвацияның баға өсімі секілді теріс жақтары да бар. Біздің экономикамыз Ресейдікіне қарағанда импортқа тәуелдрек болып шықты. Бізде, өкінішке орай, (теңге бағамы) әлі ең төменгі шегіне жеткен жоқ. Бірақ бұл алдағы айлар мәселесі", — деді Мырзахметов БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беру барысында.

Оның пікірінше, қазір импортты отандық тауармен ауыстыру бойынша нақты шаралар жүргізу қажет. Өйткені теңге бағамына қатысты қазіргі жағдай қарапайым адамдар мен бизнестің "қалтасын жұқартатын" баға өсіміне әкеліп соқтырды.

Дереккөз: newskaz.kz

14 қаңтар 2016, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.