Алматы. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Берік Өтемұрат The Wall Street Journal (WSJ-ге) берген даулы сұхбатынан кейін «ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басшысы қызметінен босатылды.
«Берік Өтемұрат бізде енді қызмет жасамайды. Ол 8 қаңтардан бері», - деді ҚазТАГ агенттігіне сәрсенбі күні Ұлттық инвестициялық корпорациядан.
Бұл ретте корпорациядан хабарлағандай, енді корпоарцияны Есжан Біртанов басқарады.
«Біртанов Есжан Амантайұлы - «ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. Ол бізде 11 қаңтардан бері басқарма төрағасы», - деді корпорациядан.
Еске салсақ, 8 қаңтарда The Wall Street Journal журналына берген сұхбатында Б. Өтемұрат Ұлттық қор активтері 2014 жылғы тамыздағы өзінің ең жоғарғы мәні $77 млрд-пен салыстырғанда қазір 17%-ға қысқарды және мұнай бағасының арзандауы, кірістің азаюы және үкімет қор қаражатын жаратуы себепті Қазақстан Ұлттық қорындағы $64 млрд қаражат енді 6-7 жылдан соң таусылуы мүмкін, деп мәлім етті. Одан басқа ол Ұлттық қорға түсетін қаражат туралы мәліметтерді ашуды, атап айтқанда, мұнай кешінтерінен, инвестициялардан түсетін кірістер мен шығындарды ашуды ұсынған болатын.
Дереккөз: ҚазТАГ