Aстана. 13 қаңтар. ҚазТАГ– «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) басқарма төрағасы Руслан Есенбаев электрондық үкіметті (egov.kz) пайдаланушылардың дербес мәліметтерінің ашықтығы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
«Nur.kz ресурсында жарияланған мақалада электрондық үкіметтің блог-платформасында азаматтардың ұялы телефондарының номерлері туралы мәліметтер ашық тұрғандығы айтылады», - деп жазыпты Р. Есенбаев сәрсенбі күні Facebookте.
Оның айтуынша, азаматтар мемлекеттік органдардағы бірінші тұлғаларға хат жолдағанда қолданатын блог-платформада авторлану бір реттік пароль арқылы жүргізіледі. Ондай парольді адам өзінің тіркелу барысында ашық көрсеткен телефон номеріне sms бойынша алып отырады.
«Осы айтылған ескерлуреді ескере отырып, біз телефон номерлерін ашық көрінбейтін еттік. Аталған проблеманы көрсеткен әріптестеріме алғысымды білдіремін», - деді ҰАТ басшысы.
Р. Есенбаев басқа адамның телефон номерін білу ол туралы дербес ақпараттарға қол жетімді етпейтінін қадап айтты. Электрондық үкімет порталынан дербес ақпараттарды, мысалы, жеке мүлкіңіз туралы, немесе тіркелген мекен-жайыңыз туралы мәліметтерді электорндық қолтаңба арқылы тек сіздің өзіңіз ғана біле аласыз.
Бұрындары БАҚ-тарда хабарланғандай, пайдаланушылар өздерінің мәліметтерін, атап айтқанда ұялы телефон номерлерін, «мобильдік үкіментті» пайдаланғанда көрсететін. Сол кезден бастап тек аты-жөнін (ФИО) көрсету арқылы телефон номерін білу қиын емес болатын.
Дереккөз: ҚазТАГ