Атырау, 28 қараша 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сұлтанов:сайлауды өткізуге бюджетке 4 млрд теңге салынған

1 333 просмотра

Қазақстан үкіметі мұнай бағасының төмендеуінен 2016-2018 жылдарға арналған бюджет параметрлерін түзетуі мүмкін деп мәлімдеді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

АСТАНА, 13 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан үкіметі мұнай бағасының төмендеуінен 2016-2018 жылдарға арналған бюджет параметрлерін түзетуі мүмкін деп мәлімдеді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

"Өткен жылы мемлекет басшысы мұнай бағасы 30,20 доллар кезіндегі нұсқаларды қарастыруды тапсырды. Біз бұндай нұсқаларды есептеп, ықпал ету шараларын әзірлеп қойдық. Келесі аптада бізде премьер-министрдің басшылығымен экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысы болады, біз осыларды қарастыратын боламыз", — деді Сұлтанов журналистерге мәжілістің сыртында.

Бұл ретте ол отырыста бюджетті қайта қарастыру туралы шешім қабылдануы мүмкін екенін атап айтты.

"Мүмкін, болады. Әрине. Бізде барлық параметрлер мұнайдың бір барреліне 40 доллар есебімен 300-бен есептелген (долларға шаққандағы теңге). Бүгінгі баға — бұл 30 доллар екені түсінікті", — деп атап айтты министр.

Дереккөз/фото: newskaz.kz

13 қаңтар 2016, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.